Айналайын ақ жүзің айдан аппақ Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ дедім ай ау Көрген адам қасыңнан кете алмайды Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап дедім ай ау Қайырмасы: Алма ағаштың гүліндей ау Текеметтің түріндей ау Өтіп дәурен бара жатыр Сіз бізге білінбей ау Құлағыңа таққаның күміс сырға Күмбірлетіп шығасың күнде қырға дедім ай ау Сағыныштан сарғайып шыдам таппай Мен өзіңді қосамын ән мен жырға дедім ай ау Қайырмасы.