Жігітті жастық шақта ерді жеңер Сеніммен ұсталмаса сертін егер Аллаға құл, Адамға ұл болу ғой, Намазға кеп түйіссе тең тізелер.
Ақын намаз оқыса хақты танып Алдымен аузындаѓы сөз түзелер. Он күнәнің тоғызы тілден екен, Сөз түзелсе, Иншалла ел түзелер.
Қазаққа иман, иба қайтып келер Табансыз емес елім тайқып берер. Иманды елге жұртымыз айналар ма, Шіреніп жүрген кезде шалқып нелер.
Құдайдан қорықпайтын болды көп ел Жаратса да құлым деп артық көрер. Алла діні ұстаным зат емес қой Ұнамаса өзіңе қайтып берер.
Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық, Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық. Түбім - түрік, ал дінім - Хақ ислам Солай қарай сеніммен аттанайық.
Харам менен халалды ажыратпай Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық. Бұрынғының ұраны - \"Аллаh уәкбәр\", Бүгінгінің ұраны - \"Ап қояйық\".
Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз, Адасып айдалада жүрген көшпіз. Арабтың тіліндегі дінмен емес, Арақтың түбіндегі жынмен доспыз...
Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр, Ұрылардың үлкені мінбеде жүр. Байланысып шекпенді шенеунікпен, Кісі өлтірген бұл күні кірмеде жүр. Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес, Ібілістің үлкені іргеде жүр.
Өмірде аз болған соң иманды шақ, Қазағым қай кездеде қиналғыш ақ. Исламға иіс алмас болса дағы. Иегова, кришнайтқа иланғыш ақ. Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп, Исаны құдай көрген Иван құсап. Өзге дінге көбейсе өтушілер, Сол болар тамырыңды қиған пышақ, Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып, Екі дінге бөлінген Ливан құсап.