Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мюзикола - Сен мұңыңды бер маған | Текст песни

Жұлдыздарды жолдарыңа жайдың көк,
Мұны аз ба, қайғысы мол, Айдын көп,
Сен өнердiң адамысың ақынсың,
Содан болар қуаныштан қайғың көп.

Тұлпарлардай зулап өмiр ағады,
Түн мұңайып жұлдыз жанар жанады,
Бұл өмiрде ғашык іңкәр болдым мен,
Сол бiр ақын жүрегiне жаралы.

Қайырмасы:
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын аңсаған,
Бақытымды айырбастап қайғыңа,
Махаббатты мәңгi арнайын мен саған.

2.
Күн шуағын төгiп шашқан ашық көк,
Мен өзiндi ұнатамын асық боп,
Сенiң мұңды жырларыңа қосылып,
Домбыраңды жылатайын ғашық боп.

Жанарыңның тұңғиығы тереңде,
Домбыраңмен әсем сазды бер елге.
Айырбастап алсам сенiң мұңыңды,
Бақытты жан болмас деймiн менен де.

Мюзикола еще тексты


Другие названия этого текста
  • Мюзикола - Сен мұңыңды бер маған (0)
  • Musicola (by Chicco) - Сен мұныңды бер маған (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1