Жүрек тұнған сағыныш, ән жырымды алып ұш, Шын сүй дағы өмірде, махаббатын балын аш. Сынғыр сырлы сұлуым, махаббаттың жылуын, Нұр болып құй құмарланған кеудеме.
Махаббаттың мәңгілік, тұнығындай таңғы үміт, Сені сүю мені үшін, тәңір жазған заңдылық. Жан тербеген сазыңнан, сенің ерке назыңнан, Жан гүлім-ау, жаралансам жазылған.