Махаббат деген қандай-ды,
Қарасаң көзің талмайды.
Сағынған жанға жете алмай,
Қаншама гүлдер, қаншама гүлдер сарғайды...
Қайырмасы:
Ғашықсыз өмір – өмір ме,
Егілме, жаным, егілме.
Көктегі күнге қол созған,
Не дерсің мынау,
Не дерсің мынау көңілге?
Күлерсің-дағы жыларсың,
Жыларсың-дағы шыдарсың.
Жазылмас дерттің дауасын
Жаным-ау, кімнен,
Жаным-ау кімнен сұрарсың?
Махаббат – өмір ғажабы,
Алқызыл гүлдей ажары.
Сүйемін жеген жалғыз сөз
Жүректі тербеп, жаныңды емдеп жазады.
Қайырмасы:
Махаббат – мәңгі ертегі,
Көңілдің күйін шертеді.
Ертіп жүрсең, шіркін-ай,
Еліктей сұлу, еліктей сұлу еркені.
Нұр-Мұқасан. еще тексты
Другие названия этого текста
- Нұр-Мұқасан - Махаббат мәңгі ертегі (2)
- Нұр-Мұқасан. - Махаббат мәнгі ертегі. (0)
- Нұр-Мұқасан - Махаббат деген қандайды (0)
- Сакен Калымов - Махаббат деген кандайды (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1