Көгiлдiр көлден не пайда Жағасы жайсыз жар болса Суы ашық балығы аз Жиегі тайыз тар болса ___
Көк аспаннан не пайда Көгiнде күн күлмесе Қыздар жиған мақтадай Ақша бұлттар жүрмесе
Биік таудан не пайда Шыңында ақтар жатпаса Сылдырап аққан тау суын Сүйсініп балдай татпаса ___
Шайқалған балдан не пайда Жемiсiн жазда татпаса Шаршап бiр келiп жұмыстан Саясында жатпасаң
Жарық күннен не пайда Үйіңде таңың атпаса Бұл өмiрде қызық не Бұзығын шулап жатпаса ___
Байлықты жиған не пайда Артыңда ұрпақ қалмаса Түн ұйқыңды бөлгізген Сәбиден қолың талмаса
Ер жiгiттен не пайда Қолына қару алмаса Елiн жарын туғанын Дұшпаннан сақтап қалмаса ___
Аталы ұлдан не пайда Баталы сөздi ұқпаса Арақ iшiп мас болып Үлкенді үлгi тұтпаса
Бір туғаннан не пайда Бірлігі оның болмаса Ыстыққа бірге жылынып Суыққа бірге тон басып
Ағайыннан не пайда Көре алмай сенi күндесе Фәнидің жалған екенiн Тiрлiкте ойлап бiлмесе
Сансыз достан не пайда Жаныңды сенiң сезбесе Шындықты бiрге іздесіп Қиындыққа төзбесе ___
Жастық шақтан не пайда Жалындап бір жанбаса Айлы түнде қыдырып Махаббатқа қанбаса
Кәрiлiктен не пайда Қартайып қызық көрмесе Асырап баққан ұл-қызың Қарызыңды өтеп бермесе ___
Сұлу қыздан не пайда Ресторан жанын торласа Доллар ушiн әркіммен Ар намысын қорласа
Сулу жардан не пайда Тiрлiкпен iсi болмаса Iздеп бiр досың келгенде Иiлiп тосек салмаса ___
Көп бiлгенен не пайда Пайдасыз iште сақтасаң Жастарды жиіп қасыңа Бiлгенiңді айтпасаң
Мен бақылдан не пайда Тыңдайтын жан болмаса Бiлiмдiден шыққан сөз Жүрекке барып қонбаса
Ойыңды жинап келгенде Айтарым саған азамат Мұратыңа жетепесең Жамандыққа беттесең Ақыл айтқан адамға Өзім білем кет десең Бұл өмірден не пайда Халкыңа қызмет етпесең
Бұл фәниден не пайда Бұл жалғаннан не пайда Халқыңа қызмет етпесең