Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Назарбаев Университет - Гимн Назарбаев Университета | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Гүлденген Астана төрінде орнаған
Әлемдік сапада оқитын ордадан.
Білім ап ұшамыз, шырқаймыз биікке,
Жасампаз жаңаға Отаным жолдаған!

Қайырмасы:
Біз – елдің студент жастары
Арманшыл, асқақшыл жас жаны,
Болашақ кемеңгер көшбасшы –
Отанның заңғары, асқары.
Бірліктің, еңбектің, ерліктің,
Игілік, ізгілік, елдіктің
Жасаймыз ғажайып дастанын,
Халқымның нұр толған аспанын.

Өркендік көшінде күн сайын жаңарған,
Таңдаулы әлемдік білімнен нәр алған.
Азамат, жасампаз, өнерпаз өренбіз
Мөлдіреп махаббат төгілген жанардан.

Қайырмасы:

Таныған жер жүзі, жақын да, алыс та,
Отаным, жете бер табыстан табысқа.
Біз – сенің түлегің, тірегің, тұлпарың,
Талмастан, танбастан уақытпен жарысқан.

Қайырмасы:

Авторы: Гүлтас Сайынқызы Құрманбай


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
  • Cambridge University (Кембриджский университет) Cambridge University (Кембриджский университет)
    Cambridge University (Кембриджский университет) - это одно из самых ... Нурсултан Назарбаев посетил Кембриджский ...