1) Өмірім сенен ғана бақ тапты шын, Жанымды жырымды ұғып жаттап түсін Шашбаулы шап шақ мүсін, Нәп нәзік әппәк құсым, Сен неге тәп тәттісің тәп тәттісің? 2- рет Қараған көзің қандай пәк еді шын, Сөзіңе жүрек от боп жан ерісін, Жаралған әлем үшін, Қай жанның әлегісің, Сен неткен әдемісің әдемісің? 2- рет
2) Бөленіп тұрған кезде арайға ендің, Мен сені бақытыма балай бердім, Қасыңа таяй бердім, Жүзіңнен арай көрдім, Мен саған қарай бердім қарай бердім. 2- рет Сезімім қалар мәнгі сақтап күшін, Ақ гүлі махаббаттың бақ тапты шын Шашбаулы шап шақ мүсін, Нәп нәзік әппәқ құсым, Сен неге тәп тәттісің тәп тәттісің? 3- рет