Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Наурыз - Хакім Абай қойып кеткен атыңды. Автор: Ербекет Мулдашов | Текст песни

Кеудемде менің тербеліп жырдың бесігі,
Ашылған шақта алдымнан сезім есігі.
Ғашығым сен ең, көркіңе мінсіз жарасқан
Абайдың тапқан есімі.

Қымбатсың маған, жүрегім сені елеген,
Ханшайымдайсың, мұхитты жүзген кемемен.
Данышпан бабам атынды қойып кетіпті
Ғашығын айға теңеген.

Арманмен жалғап, махаббаттың арасын,
Қайран жүрегім от болып жанып барасын.
Алашта қазір Ай керім көп болсада
Сен мен үшін дарасың.

Жаныма сені дегендей мәңгі серік қыл,
Ақылға жүрек аямай демеу беріп тұр.
Абай атаның жолымен бүгін мен саған
Ән арнағым келіп тұр.

Өңімдей көріп барлығын тәтті елестің,
Өзімді алдап мендіксін сәулем демеспін.
Арнайтын едім әнімді саған, бірақта
Композитор емеспін.

Алайда менде өнерге аздап иемін,
Шыдамай кейде ғашық отына күйемін.
Айтатын болсам өзгеше кылып атыңды
Шүкімән сені сүйемін.

Наурыз еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2