Естен кетпей елес боп тұрар дайым,
Ай нұрынан жаралған құралайым.
Оймақ ауыз, күлі көз, қаймақ ерін,
Аққу мойын, тал мүсін жырға дайын.
Ақмаңдайлы АДАЙ ҚЫЗ,
Ай мен күнге балаймыз.
Өзіңді ойлап өтті ғой
Талай көктем, талай күз..
Кең даланың еркесі, Елігі едің,
Айтшы қалқам, сен кімнің серігі едің.
Тәтті ұйқымнан түсімде оятасың,
Хор қызындай сен қайдан келіп едің?!
Жалғыз қалған жүректі ән қыстаудан
Сәлем айттым сені іздеп Маңғыстауға
Табысарша өзіңдей ару қызбен,
Жақындамай әлі де алыстаудан.
Неизвестен еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2