Жабығып қалғаныңда, Таусылып талғаныңда, Арылып ауыр мұңнан, Бір сәтке алдануға
Қасыңда бір болатын, Жасықсаң, сынға алатын, Жапанда жаяу қалсаң, Аямас мінген атың, Көңілге нұр беретін Өмірге бір келетін, Не көрсе, бірге көретін Бір досың керек екен
Жалғыздық батқаныңда, Атпай бір ақ таңыңда, Көңілің тұманданып, Құлазып жатқаныңда
Қасыңда бір болатын, Жасықсаң, сынға алатын, Жапанда жаяу қалсаң, Аямас мінген атың, Көңілге нұр беретін Өмірге бір келетін, Не көрсе, бірге көретін Бір досың керек екен
Шаттығың кернегенде, Елге дес бермегенде, Шарықтап сөйлегенде, Қолыңды сермегенде,