Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Неизвестен - Сыңсу | Текст песни

Туған жер,ауыл,ағайын
Сыңсудын әнін салайын
Аулаңда өскен ботаң ем
Аулаққа кетіп барамын
Қамкоршым болған бесіктен
Кінәмді аке кешіп ең
Ерігің бүгін есейді
Еркелеп шығар есіктен

Ерігің бүгін есейді
Еркелеп шығар есіктен

***
Анашым тілеп бағымды
Жанымнан әркез табылдың
Еркелеп жүрген елік ем
Есейдім сырға салынды
Ажелер, абзал аталар
Жарт жұрттық бүгін ата-анам
Алдыңа келіп тұрмын мен
Сатті боп сенен бата алар

Алдыңа келіп тұрмын мен
Сатті боп сенен бата алар

***
Омірдің заңы осындай
Суйгендер лайым қосылғай
Бір туган бауыр-тумалас
Қол бұлға маған қосылмай
Жеңгелер, асыл апалар
Көңілде кандай қапа бар
Жолыңды жалғап барамын
Бақытқа сезім апарар

Жолыңды жалғап барамын
Бақытқа сезім апарар

***
Есен бол сіңлі- інілер
Көрмесем жүрек ілінер
Сағынтпай мені келіп тұр
Бауырмалдығын білінер
Жолдары жаздай замандас
Құрбылар қымбат таман дос
Сендерде енді қош болың
Көргенде күліп амандас

Сендерде енді қош болың
Көргенде күліп амандас

***
Балалық неткен жалған ең
Есенбол артта қалған ел
Қимастық жасы жанарда
Сыңсудың әнін салған ем
Гүлің боп өскен бақшаңда
Аялап мені бақсаң да
Серттесіп бірге болуға
Сыңарым таптым ақшанда

Серттесіп бірге болуға
Сыңарым таптым ақшанда

***
Қош ата-ана, Қош аман
Сынсу сазына саламын
Қош уйім, алтын босағам
Бағымды іздеп барамын

Қош уйім, алтын босағам
Бағымды іздеп барамын

Неизвестен еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4