_____________________________________________ Бәлкім, ешкім білмес, мен соншалық ашпадым сырымды, Тіпті, наразы болды шабытым үзді шынжырымды. Сақтау мерзімі өтпеді, асса да 10 айдан, Ойыңша оңай ма салу beat-қа шың жырыңды? Қалыптаспаған таңдау немесе талғам бұрыннан, \"Мен қанағаттандырмаймын\"-бұл сыпайы тұрғыда. Үңіліп қарасам, айналам оқырман кілең, Ал, мен бақылайм. Ұстаным-сақтықты соқырдан үйрең! Мойындаймын, мәтін сөзі астында аз коммент, Қазақ тілде тыңдамайды патриоттар маскамен. 'Мен сезінген әуендерді жеткізуге жетер дем'-десе сенем. Есесіне қайталамайм шетелден! Қызықпасаң, қолдама! Бірақ бұл да талап етеді еңбекті, Сондықтан парақ пен қаламым тербетеді. Талпыныс бар бойда біткен, із қалдырам-кемінде, Мен таңдаған рэп болса 'дерт', керек етпейм емін де! _____________________________________________ 2х(hook) Армандар орындалады, азаймасын сенімін, Өзге ойын елеме, қоршаса да сені мін!-деп бастағы дыбыстар түспейд ойдан ұзара, Неліктен сабырлымын? Іштей толғам ызаға. _____________________________________________ Әлем түрлі-түсті.. Дұрыс түсің!-көзбояушылықтар, Уақыт жылдам, инструктор жоқ, өмірге баяу шыныққам, Шыңдарға жаяу шығып та, кезіккем мен құбылысқа, Есіктер, не бұрылыстар ақ пен қара арасында адастырған. \"Тоқтамай жалғасад үрдістер\"-осы мені сескендіреді, Өткенді ұмыта алмаймын, қорқыншпен еске кіреді. Сен үйретпе! Беске білемін заттарды күрделі, Енді, қара!-Сыпайы түрдемін мен! Жалпы Орфо деген-аноним, Ұйқастарымның үстінде ұшамын, Мен-Алладин! Байқасан әрқашанда мәтіндерімді жазам сай қылып, Нәтиже-\"Жерұйық\", жалықпай іздейм-\"Асан Қайғымын\" Он жеті жылдың төртеуін арнадым осыған, \"Дым пайда таппайсын\" дегендерге толық қосылам Басқа өнер болсадағы рэппен әдейілеп кірем, Біздің under(ground) ШоуБиз-дан қайда мәдениеттірек!