Муз. Жансаи Рысмағамбетовой
Сл. Ақылбека Шаяхмета
Халыққа жақсылықтың нұры болған
Үміті арыстардың орындалған.
Тәуелсіз елдің туын тік көтерген
Жасампаз жас ұрпақтың бағы жанған.
Қайырмасы:
Армандары асқақ
Тұрған алға бастап
Киелі оқу ордасы.
Намыстары қайнап,
Жарқын жүзі жайнап,
Өнер –білім жолдасы.
Шықсақ та өмірдің сан белесіне,
Мінсек те ғалымдардың кемесіне,
Жастарға жөн сілтеген, жол нұсқаған
Жақсылар түседі екен ел есіне.
Ахаңның атындағы құтты мекен,
Ұлы ұстаз ұлағатын ұқты ма екен?!
Төсінен талай мықты түлеп ұшқан,
Мәңгілік мақтан етер құт-берекем!
Неизвестно еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1