Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Неизвестный исполнитель - Сезімім... | Текст песни

Өшті... Сөнді... Болды... Қалды...

Жаным-ау, неткен биік көкірегің,
Сеніміңнен секем ап сетінедім.
Осы қызды жартым қыл деп сұраушы ем,
Құдай-ау, кімді қалап, не тіледім...

Қылығың маған қызық ой ұқтырып,
Кетеді үмітімді жойып, тынып.
Көңіліңнің кептерін қақсам ба екен,
Көкрегіңді көзіммен ойып тұрып.

Соншама алыс болдық сен, мен - неге?
Соншалық не сыймай жүр өр кеудеңе?!
Саған ғашық болмай-ақ кетер едім,
Болмайды сезімімді жерлеуге де.

Онсыз да үзіп біттім үмітімді,
Ұлы сезім ұршығы ұмытылды.
Айлалы сенің қызық қылығыңнан,
Пайдалы, сәт таппадым бір ұтымды...

Сезімім... Өшті… Сөнді... Болды... Қалды...
Қайтадан шырқай алман сол бір әнді.
Мен енді мұңлы әнімді жалғай берем,
Кеудеме басып алып домбырамды.

Білмейсің кейде ойыма не түсерін,
Мұңды оймен мұз да шайнап, от ішемін.
Алаңсыз сен есіме түсе қалсаң,
Үземін үмітімнің екі ішегін.

Шіркін-ай, бұл ойларға не жетеді,
Кембағал жанның күйін шер етеді.
Жалғыздықтың желкенін керсем тіпті,
Жүк артқан жүрегімнен жел өтеді.

Білмеймін: кімді қалап, не тіледім...
Жалғызым, жалғыз ғана өтінерім:
Мен дегенде төмендеп мен-мендігің,
Көңілімді көншітсін көкірегің..

Қайтемін сені өзіме ғашық қылып,
Тұрман тіпті төбеңнен тас үктіріп.
Не болса да \"сүйемін\" дей беремін,
Қос қолыңды кеудеме басып тұрып ...

Неизвестный исполнитель еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1