Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұр-Сыр - Жалғыз жүрек | Текст песни

Жалғыз жүрек.

Қалай ғана шын ғашықтар бірінің көңілін табады
Жан тәніммен сүйіп едім еліктей сұлу дараны
Тез арада түс секілді ғайып болды өмірден
Жалғыз жүрек жанымды өртеп, тәнімді өртеп барады

Мәнісі кетті өмірімнің, өзгерді заман ағыны
Тұла бойым өртке айналды лапылдаған жалыны
Мен бір жанның байқаусызда шоққа түскен табаны
Жалғыз жүрек жанымды өртеп, тәнімді өртеп барады

Түсінбедің айттым саған жүректегі жан сырымды
Ернің қандай қып-қызыл, шиедей бал шырынды
Саған деген махаббатым ақсақ құландай сәл сүрінді
Сүйем деп сені ашып та салдым кеудемдегі бар шынымды

Басым менің шыр айналды теңедім сені елікпен
Балдай сөзің сезімімді елжіреткен, еріткен
Махаббатым молайланды жаным сенен не күткен
Осы күнде сүйдім сені, ғашық болдым неліктен

Кім-ай жоқ дейді жолдастарым, аяулы менің достарым
Келмейді менің тағы бір нәрсе жағымсыз ғылып бастағым
Өмір деген зуылдайды өте шығар қас-қағым
Жас шағыңда махаббатты ластадың-ау ластадың

Айтарым менің достарыма махаббаттан жалықпа
Өмірге деген сүйіспеншілік махаббаттан табар жол
Шын сүйсең егер еш уақытта қасіретке жолықпа
Бұл жалғанда ғашықтыққа, махаббатқа адал бол . . .

Нұр-Сыр еще тексты


Видео
    Нет видео
    -
    Оценка текста
    Статистика страницы на pesni.guru ▼
    Просмотров сегодня: 1