ТЕРІСКЕЙ
Сөзі: А.Көшеров
Байлығы жатқан жалпақ жерге сыйман
Кеудесі әнге сыймай
Күлімдеп тұрған менің Теріскейім
Күнгейдің құдасындай, сырласындай
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген
Қаратау, Келіншектау, Шолаққорған
Қызылкөл босамайды қонақтардан
Қарақұр Сарыарқаға сәлем айтар
Қаптаған Қаратауда бұлақтардан
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген
Заманның көріп бірге самғағанын
Саялы сахарама таң қаламын
Қалқаға Күнгейдегі жетер ме екен
Шалқыта Теріскейден салған әнім?
Теріскей, айналайын, келбетіңнен
Сен бізге ақ бесіксің тербетілген
Нұрғали Нүсіпжанов еще тексты
Другие названия этого текста
- Нұрғали Нүсіпжанов - Теріскей (1)
- Шәмші Қалдаяқов (Нұрғали Нүсіпжанов) - Теріскей (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 9