[Нұрбол] Қызықсыз, түссіз өміріме, Сән берген қызыл гүлімсің. Қараңғы суық көңіліме, Жарық берген күнімсің. Жайқалып өскен бағыма, Бұралған нәзік қайыңсың. Нұрын сепкен жаныма, Сәулелі әсем айымсың. Арайланған сен ақ таңым, Ең асылым, жақұтымсың. Дүниеде бар тапқаным, Барлығымсың, бақытымсың. Сен мен үшін, сен мен үшін, сен мен үшін
Қайырмасы [2x]: Cен мен үшін баға жетпес асылсың Әр күнде арай атқан таңымсың Әр күнде маза бермес тек бір ой Бір сәтке мені де есіңе алып қой
[Bek/Karim] Махаббаттың ақ құсының қанатымен Жаным саған алып ұшып баратын ем Сезімнің жалынымен шарпып сені Қоштасуға қияалмай қалатын ең Алайда, өзің білесің, қалай екенін сезесін Ақтарып парақшаны күмәнмен айғақ көресін Нәтиже: күмәнсіз қалған сап-сары балапан Толықтай жеткен көзі көріп сезімнің мәртебесін Айтқанмен жазылғанмен махаббат әні Қазір бұл сөздер әрине жағымсыз естіледі Яғни как говорится звучит банальна Красива сказано но все же не реально Енді қалай жазған өлеңім ұнадыма Жақтыма жақпадыма құлағыңа Өзіңненде в контакте жауап күтемін Жауап беру саған міндетқой сұрағыма
Қайырмасы [2x]: Cен мен үшін баға жетпес асылсың Әр күнде арай атқан таңымсың Әр күнде маза бермес тек бір ой Бір сәтке мені де есіңе алып қой
[Bek/Karim] Көп жазылған, жырлаған талайы маған дейін, Көрінсе көзіңе бір елес айтқанымнан кейін Мен күтемін жауабыңды, сөзімнің құны бар Тастама жерге қабылда бақытты бір өзің жалғар (Бір өзің жалғар. Тастама. Мен күтемін)
[Нұрбол & Bek/Karim] Cен мен үшін баға жетпес асылсың (Арайланған ақ таңым) Әр күнде арай атқан таңымсың (Дүниеде бар тапқаным) Әр күнде маза бермес тек бір ой (Барлығымсың, бақытым) Бір сәтке мені де есіңе алып қой (Сырымды ұғар сыңарым)