Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұрболат Абдуллин - терме| Рамазандағы тілек | Текст песни

Атымен бастап Алланың
Аталы ойдан танбадым
Тыңдаушы халық сөзімнің
Таразылайды салмағын
Рамазандағы дұғамды-ей
Қазағым саған арнадым
Несіпке бөлер қол жайып
Мешітке жиі барғаның

Дертіңе шипа əкелсін
Садақа қылып салғаның
Раббыңнан сыймен қайтады
Айт күні құрбан шалғаның
Ниетпен болсын бергенің
Адалдан болсын алғаның
Амалың дұрыс болғанда
Орындалады арманың
Жүрекке иман жетсе егер
Жеткізер Алла қалғанын

Арылып кірпің қабақтан
Еселеп алар сауаптан
Рамазан айы келді деп
Сүйінші хабар таратқан
Тарауық оқып талмастан
Құблаға бетін қаратқан
Шүкірлік етіп тəубе деп
Таңдарым үшін əр атқан
Мұсылман жанның бəріне
Жар бола көрші Жаратқан

Талғамы биік тыңдарман
Сүбелі сөзден үлгі алған
Ораза ұстап 30 күн
Иманмен жүзі нұрланған
Ауызын ашып құлына-ай
Биссмиллях деп құрма алған
Рзығын Алла аямас
Алақан жайған құлдардан
Жауапты күні қиналар
Сауапты істен құр қалған

Бай болсаң тасып шалқыма
Кедейдің қара қалпына
Иманмен бəрі өлшенер-ай
Жиғанмен дүние артыңа
Қадірлі бола білерсің
Сабырлы болсаң жалпыға
Тілейтін дұғам дініммен
Түспесін сызат салтыма
Патшаға қуат сарқылмас
Бірлік бер Алла халқыма

Береді жауап күнə артқан
Жазықсыз жанды жылатқан
Керісінше сауап алады
Жылаған жанды жұбатқан
Құманды суға толтырып
Құранды оқы қуаттан
Кетпесін боқтық сөз емес
Азанның даусы құлақтан
Амалы барша Қазақтың
Құлшылық болсын ұнатқан
Серігі болсын жайнамаз
Орыны болсын жұмақтан

Нұрболат Абдуллин еще тексты


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-