Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұрболат Өндірбаев - (Есенғали Раушанов) | Текст песни

Алматыдан,
Сумаңдаған суығы ерген ізінен,
Алматының албастыдай күзінен,
Көз аштырмай борап соққан алдыңнан -
Қарғыс сынды қар аралас жаңбырдан
Мен шаршағалы қашан?!

Қайрылыста қайырымды жаз қалды ынтық,
Көше - тұман, көрінбейді алдым түк.
Жаз шықпайтын шығар биыл, ал көктем
Алматыдан кеткен болар мәңгі үркіп.

Сіздің ауыл өрде еді,
Көкірегімнен итереді жел кері,
Күз түсті де қысқа күнде қырық айтты -
Соқыр дей ме, керең дей ме ол мені.

Түссе түссін, келген шығар кезегі,
Біздің жүрек төзген, қалқам, төзеді.
...Сізге түк те қатысы жоқ бұл жырдың,
Бұл әншейін күз жайлы бір сөз еді.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-