Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұрболат Өндірбаев - Рух (Т.Медетбек) | Текст песни

Рухсыз ел - бар нәрсеге де құлықсыз ел. Рухынан айрылып қалған ел, үстінен бөзі, аузынан сөзі түсіп тұрған ынжыққа, қарнынан басқа қамы, ұйқыдан басқа қызығы жоқ маубасқа, шоқайының тесігінен шұлғауы шұбатылған көнбіске, тұмсығынан суы сорғалаған сүмелекке, жағасын айырып жіберсең де, мұрнын қолқ еткізіп бір тартып жүре беретін можантопайға, үстінен құстың көлеңкесі өтсе де бұға қалатын жасқаншаққа, көң мен күл арасында қалған күйкіге, жападан жалғыз айдалада отырып алдындағы асын жан-жағына қарамай іше алмайтын жалтаққа, тірсегі тірсегіне соғылып келгенге де қайрат көрсете алмайтын дәрменсізге, етін жұлып жеп жатқанның бетіне тіктеп қарай алмайтын езге, кез келгеннің табанының астында иленіп жата беретін сорлы бейшараға, әркімге алақан жайған тілемсекке, тіпті су сұрап іше алмайтын сүйретілген сұлбаға айналады. Ондай ел, ақырында, ит мініп, ирек қамшылап кетпек. Рухсыз елде қадір де, қасиет те қалмайды. Рухсыз елді ешкім де сыйламайды. Қалай сыйлайды. Егер оның малақайы милығына түсіп, самайынан сіркесі мен биті ағып тұрса!
Рухты елдің ғана бойы тік, еңсесі биік!
Рухты ел ғана ешкімге кеудесін бастырмайды, жағасынан алдырмайды. Жағасынан алғанның жағын айырып жібереді. Күші жетпесе жағаласып өледі. Жағаласып жүріп, ең құрығанда, жастығын ала кетеді.
Рухты ел қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайратты!
Рухты ел еменннің иір бұтағындай берік!
Рухты ел найзағай бұтақтарындай шалт!
Рухты ел бөркін шың басындағы бұлттай оқшырайтып киетін асқақ!
Бүгінгі таңда біздің Рухымыз - Сарыарқаның құрышынан құйылып, Аспан мен Алатаудың арасында найзағайлармен тапталып, Атырауда суғарылып, Қаратаудың қайрақ сауырына қайта-қайта қайралған семсердей өткір, алдаспандай айбарлы, наркескендей қайратты Рух болуға тиіс. Ол сесті ғана емес, есті де Рух болуы керек. Өйткені ессіз рух - есорсоқ рух. Есерсоқтық - аузына не келсе соны оттайтын әулекті әумесерлікпен, түбі түскен шелектей даңғырлаған даңғаза даралықпен жатырлас, кіндіктес, құрсақтас.
Әулекілік пен әумесерлік, дарақылық пен даңғазалық елге сес болып жарытпайды, қайта елге сор болып жабысады. Ондай рух айнала қонған басқа жұртқа сенің еліңді көзге шыққан сүйелдей жеккөрінішті етеді. Әулекілік пен әумесерлікті, даңғазалық пен дарақылықты бойына кіргізіп алған ел, ең алдымен, өзін өзі жалмап, бүтінді бұтарлап бүлдіріп, түгелді ту-талақай етіп жібереді. Азуы алты қарыс алауыздыққа, ауқымы алпыс кез алакөздікке ұрындырады. Ақырында өз басын өзі жұтып бітеді. Қауіпті рух!
Сондықтан да, біздің біреулердің сыртынан тұрып "қот-қоттағанына" еріп ісініп, ішке кіріп "шоқ-шоқтағанына" еріп күпсініп жүрген кейбір қандастарымы

Нұрболат Өндірбаев еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2