Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұржан Жөкенов(G-Staz) - Әйеліңді тый | Текст песни

Аға,інің болып айтайын бір өкпе мұң...
«Басымнан сөз асырды» деп бауырыңды сөкпегін.
Ешкім де анашыңның кие алмайды дөп кебін,
Сол сияқты салиқалы бола алмайды көп келін.

Жат жұрттық болатынын түсінсе әр бір келіндер...
Енелер қабылдаса ғой «бұл да қызым менің» деп.
Қыздың анасының да, жарақаты жеңілдер,
Пайғамбардың парасатты пәрменіне еріңдер.

Бүгінгі өмірге қарап айтатұғын назым бар,
«Еріңе қарсы келме!» деп Құранда да жазылған.
Сол үшін еркектерге,ізгілік пен мый керек,
Тауқыметті көргендер,тәубеге кеп үйренет.

Алғашында сезіміңде болғанменен күй бөлек,
Көбісі иманыңа емес,жиғанына үйленет...
Әйеліңді тый аға,тіліңді алатын болсын,
Қаусырап шал болғанда да қасыңда қалатын болсын!
Қ:сы
Кейбір сезімдер бар бітіп қалған бал айынан...
Кейбір сезімдер бар шықпай қалған сарайынан...
Махаббатыңның алауын сөндірме бір сәтке де,
Әйеліңді жын сайтанның аулақ ұста маңайынан!

2 – ші шумақ:
Бақ па, басыңа керегі әлде тақ па?!
Таңдауыңды жаса досым жан - жарыңды тап та.
Күрмеленген дүние, ақ түсірер шашыңа,
Үйленіп, үй болғаннан соң бала - шағаңды асыра.

Ерлігіңді көрсет, секірме шендігіңді көрсетіп,
Әйелің ақылсыз болса - ол сенің теңдік өлшемің!
Жұдырықпен емес, жүрегіңмен ақыл айт,
Тыңдамаса... -Тыңдамаса басып айт!

Нартәуекел жасамай ердің ісі бітер ме?!
Жан - жарын үйің,баспанаң тұратын әр кез күтем деп
Әйеліңді сүй,бірақ тый,жарға лақтырма,
Ешқашан да туысың мен бауырыңа шаптырма!

Енесін, әкесін сыйласын,келіндік келбетін тыймасын,
Басыңа күн туып тұрса,күшін жүрекке жинасын.
Бүкіл сенің ғұмырыңның кіргізетін мәнін де,
Оятатын адамдар ғой таң атқанда «-жаным» деп...
Қ:сы
Әйелің арының,
Қызғаныш – жалының...
Еркектер сыйлаңдар,
Әйелдер қауымын!


Нұржан Жөкенов(G-Staz) еще тексты


Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1