Сен мені кешірмегенің үшін Жадыңнан өшір дегенім үшін Отымды кеш үрлегенің үшін Сол бір кез есімде менің Түсін... Кешірмеймін! Сен мені сүйе алмағаның үшін Құр босқа қиялдағаным үшін Бақпын деп жиі алдағаның үшін Көгіңе сия алмағаным үшін Сен мені сұратқаның үшін Сұрап ап құлатқаның үшін Өзіңді ұнатқаным үшін Жанды үнсіз жылатқаның үшін Кешірмеймін!
Қайырмасы: Сезіміме дақ салғандай күйемін кеп Сағынбаймын деп санама түйемін тек Өз отыңа өртене бер бірақ менің Жүрегімді ауыртпа сүйемін деп... 2рет Дос болып қалу оңай Қош болып кету қиын Тағдырдың жолдарыменен Өзіңе жету қиын... 2рет
Сезім бе, сезімімнің сел бүккенінде Сезімге сырларымды шелдірткенімде Аяқ бармас атырапқа жолды тарттың Аяқталмас метрода мен күткенімде Шырылдап мазамды алды сындай бұл уақыт Өзінің бір тамшысын бұлдайды бақыт Үзілген сымдай бір балқып, сынбайды қалқып Деседе шыңдайды бақыт Жырлайды жатып сол қыздың қылдай бір атын Қармайды уақыт, қармайды уақыт Құн сұраған құлыншақтан Айда тіпті алмасып күнін сатқан Әй бірақта ақынды көрмеп едім Айналып кеп өзінің жырын шаққан Махаббатқа мас болып гүлін шапқан Ұрыншақпын немесе қисық ұшқан тік ұшақпын Көрсеткен сесім емес Алжасқан өзім екем есім емес Құстар ұшқан бағыңды сағынсаң сен Біз танысқан туған жердің төсіне келш Төсіне келш, көрсетіп тосын елес Датын құптап отырған бір аруым Ақындық та енді менің досым емес...
Кет, өмірімнен бір жолата кет Жүрегімді қинай берме тек Қардай таза көңіліңмен кет Кет... Кет, өмірімнен бір жолата кет Жүрегімді қинай берме тек Қардай таза ниетіңмен кет Кет...