Күндерден озып күн алмасқан, Жылдарға келіп жыл жалғасқан. Өмір сырын жүрміз әлі ұға алмастан. Қанша жан мені еркелетті, Қанша жан мені өкпелетті. Арман қуып қанша уақыт текке кетті, Сұрақсың-ау бізге, сынақсың-ау өмір-ай.
Қайырмасы: Өмір-ай, сағымдай, Өткінші бір жалындай. Сендегі сұрақтың, жауабы жүр табылмай. Өмір-ай сағымдай, Сен қамшының сабындай, Зуылдап отерсің еркімізге бағынбай.
Ғашық боламыз, жек көреміз, Кешіріп, кейде кектенеміз. Жазылған тағдырдың бәрін өткереміз, Шын жұмбақсың бізге, тым қымбатсың өмір-ай.
Қайырмасы: Өмір-ай, сағымдай, Өткінші бір жалындай. Сендегі сұрақтың, жауабы жүр табылмай, Өмір-ай сағымдай, Сен қамшының сабындай, Зуылдап отерсің еркімізге бағынбай.