Өзіңменен жүрсем жаным,
Ұмытам қайғы-мұңның бәрін
Сымбатыңа сәйкес сәні
Өмірімнің сенсің мәні
Жарығым-ау менің өзіңсіз
Әр бір сәтім білші көңілсіз
Шаттығым да сен, тәтті мұңым да сені
Жарқыным да сен.
Жадырап сен маған, мен асығам саған,
Ұшарға қанат таба алмай.
Еркелеп сен маған, мен асығам саған,
Кешіксем таппай қалардай, таппай қалардай.
Бір ғана сен дарыта алған жаныма нұр
Сен және мен, біз екеуміздің жолымыз бір
Жарығым-ау менің өзіңсіз
Әр бір сәтім білші көңілсіз
Алтыным да сен, ән-жырым да сен,
Тағдырым да сен
Жадырап сен маған, мен асығам саған,
Ұшарға қанат таба алмай.
Еркелеп сен маған, мен асығам саған,
Кешіксем таппай қалардай, таппай қалардай.
Нұржан Керменбаев еще тексты
Другие названия этого текста
- Нұржан Керменбаев - Сен және мен (0)
- Нұржан Керменбаев - Сен және мен (0)
- MSD - Сен және мен (0)
- Нуржан Керменбаев - Сен және мен (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2