Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұркен Жаңай - Күз келді - (Оқыған: Дария Сағындыққызы) | Текст песни

Жасыл бақтар болып кетті алтын бақ,
Таңдар енді қарсы алмайды жарқылдап.
Маматайым,
біздің жақта ертемен,
Күн суытып, бара жатыр салқындап.

Күн суытып, бара жатыр салқындап,
Қарғаларда келіп қалар қарқылдап,
Маматайым,
өзіңді ойлап келемін,
Гуілдеген жел даусынан ән тыңдап.

Гуілдеген жел даусынан ән тыңдап,
Өткен күндер еске түсті әр қымбат.
Маматайым,
күздің суық кештері,
Көңіліме мұң сыйлайды қарқындап.

Өзің барда мен бақытсыз емеспін,
Тағдыр мұңын, жүрегіммен бөле іштім.
Жақын жандар, тек есімде болғанмен,
Жалғыз келем...
Ал, жанымда жоқ ешкім!

Жалғыз жүріп аралаймын бақты әр күн,
Алтын бақта, жалғыз жүрген шақ қалсын.
Маматайым, біздің жаққа күз келді,
Сап-салқын!
Сап-салқын!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-