Сен маған азсың тұншықтым Өзіңді жүрсің көбейтпей Сен маған жазсың қырсықтың Нөсерсіз жүрсің шөлейттей Суалдың ерте құрғадым Жаныма жетпей суың жүр Тамағым кеуіп жырладым Сіындыр сумен жуындыр Қайырмасы Махаббатыңды білсін деп Естіліп маған күркірі Найзағай болып гүрсілдеп Келерсің білем бір күні...
Бір демің жетпей тарылдым Сүйсеңші мені самалдай Дауасы сен ең жанымның Бүгінде жүрген таба алмай Нұрыңсыз сенің адастым Қол созып анда мында да Селменен сен деп таластым Ешкімді сен де тыңдама!!!