1) Арман, арман алдамайды,
Самғап ұшып келем саған,
Қалай от боп лауламайды,
Махаббатым мен аңсаған,
Мен аңсаған көлдің нұры,
Селт еткендей шайқалады,
Көңіліңнің мөлдірлігі
Мүлт еткенде байқалады!
Қ-сы:
Аялаған аяулы аппақ құсым-ау,
Саялаған жанымдай тәп-тәттісің-ау,
Арайланған жап-жарық шам шуағындай,
Жүрегімді сен менің сақтап тұрсың -ау!
2) Сұлулығы дүниенің,
Сен бар кезде жарасады!
Сен бәрінен биік едің,
Кім сенімен таласады!
Ақ қүсым-ау жарық бердің,
Алаулаған аспаныма!
Жұлдызымды жағып бердің,
Қанатыңды қаққаныңда!
Қ-сы:
Аялаған аяулы аппақ құсым-ау,
Саялаған жанымдай тәп-тәттісің-ау,
Арайланған жап-жарық шам шуағындай,
Жүрегімді сен менің сақтап тұрсың -ау!
Другие названия этого текста
- Нұрлан Әлімжанов - Ақ құсым (Remix 2015) / Дилянора - мен сені сүйем (0)
- Нұрлан Әлімжанов - Ақ құсым / Дилянора - мен сені сүйем! (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1