Көгiлдiр көлден не пайда Жағасы жайсыз жар болса Суы ашық балық аз Жиегі тайыз тар болса ___
Көк аспаннан не пайда Көгiнде күн күлмесе Қыздар жиған мақтадай Ақша бұлттар жүрмесе
Биік таудан не пайда Шыныңда аққар жатпаса Сылдырап аққан тау суын Сүйсініп балдай татпаса ___
Шайкалған балдан не пайда Жемiсiн жазда татпаса Шаршап бiр келiп жұмыстан Саясында жатпаса
Жарық күннен не пайда Үйінде таның атпаса Бұл өмiрде қызық не Бұзығын шулап жатпаса ___
Байлықтан жиған не пайда Артыңда ұрпақ қалмаса Түн ұйқынды бөлгізген Сәбиден қолын талмаса
Ер жiгiттен не пайда Қолына қару алмаса Елiн жарын туғанның Дұшпаннан сақтап қалмаса ___
Аталы ұлдан не пайда Баталы сөздi ұқпаса Арақ iшiп мас болып Үлкенді үлгi тұтпаса
Бір туғаннан не пайда Бірлігі оның болмаса Ыстыққа бірге жылынып Суыққа бірге тоңбаса
Ағайыннан не пайда Көре алмай сенi күндесе Фәнидің жалған екенiн Тiрлiкте ойлап бiлмесе
Сансыз достан не пайда Жаныңды сенiң сезбесе Шындықты бiрге іздесіп Қиындыққа төзбесе ___
Жастық шақтан не пайда Жалындап бір жанбаса Айлы түнде қыдырып Махаббатқа қанбаса
Кәрiлiктен не пайда Қартайып қызық көрмесе Асырап баққан ұл-қызын Қарызыңды өтеп бермесе ___
Сұлу қыздан не пайда Ресторан жанын торласа Доллар үшiн әркіммен Ар-намысын қорласа
Сұлу жардан не пайда Тiрлiкте iсi болмаса Iздеп бiр досың келгенде Иiлiп төсек салмаса ___
Көп бiлгенен не пайда Пайдасыз iште сақтасан Жастарды жиып қасыңа Бiлгенiңді айтпасаң
Мен бақылдан не пайда Тыңдайтын жан болмаса Бiлiмдiден шыққан сөз Жүрекке барып қонбаса
Ойымды жинап келгенде Айтарым саған азамат Мұратыңа жетпесең Жамандыққа бетпе сен Ақыл айтқан адамға Өзім білем кет десең Бұл өмірден не пайда Халқыңа қызмет етпесең
Бұл фәниден не пайда Бұл жалғаннан не пайда Халқыңа қызмет етпесең