Бір күн келіп алмастырып бір түнді, Көктем келіп айналамыз құлпырды. Қос қарлығаш тыным таппай тағатсыз, Жөндеп жатыр ескі ұясын былтырғы.
Қайырмасы: Қос қарлығаш көктемде, Қанат қағып жеткенде, Қандай сезім жетеледі туған мекенге? Тағып алып ақ тұмар, Жұлдыздай боп ақтыңдар. Ерте өшкен үмітімді, Қайта жақтыңдар.