Арман алдан шықпай Мұңайған уақытта Жолықтым қара көзбен Жолықтым бақытқа Сен қайдан кездестің Жүр едім мен ойсыз Күлкімді күндіз ап Түндерде талайсыз Шу-асау жүректі сен жаурап алғансың кезіктің алдымнан мен сүйген армансың
Қ-сы
Қаратып күнді Қаратып айды Жүрек ән салды Көздерің жайлы
Мөлдір қара көзге қарадым таң болы Найзадай кірпігіңмен Жүрекке қан болып Жанарым жарқ етсе Ұшқының улайды Жүрегім шаттанып Жүрегім тулайды Көздерің тұңғиық Көздерің жақұттай Көздерің мен іздер Аңсаған бақыттай