Бір әнді сатып алдым құнан нарға,
Беремін өз бәсіне құмарларға.
Ит дауыс бұрынғыдай аңқымайды
Жас келіп қартайған соң амал барма.
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды-ау ел көшкен соң.
Сүйреткен ақбоз аттың шылбырындай,
Қылаңға сөз ереді бой жеткен соң.
Қолыма ұстағаным қу қарағай,
Не болды, дауысым, саған сырғанамай!
Күлмейін, ойнамайын десем дағы,
Барады өтіп дәурен бір қарамай
Нұрым Асқанов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1