1) Бір сезім мазалайды жүрек түкпірін, Шыға алмай нәзік сезім шыңырауынан. Сен келер деп таңдарды күзеттім, күнім, Шығардай сұлуым күліп алдымнан. Қайғысын ғашық жүрек ішіне жұтты, Ажарың айдан әсем, ақ жүзін айна. Күтумен тағат, төзім таусылып бітті, Сағынтып, келмей қойдың, қайдасын, қайда?
2) Сен жоқта қалай ғана жаным гүлдейді, Сен ойлап сағыныштан сезім кернейді. Қайтейін жас жүрекке әмір жүрмейді, Өзіңнен басқа жанға төрін бермейді. Қайғысын ғашық жүрек ішіне жұтты, Ажарың айдан әсем, ақ жүзін айна. Күтумен тағат, төзім таусылып бітті, Сағынтып, келмей қойдың, қайдасын, қайда?