Текст песни ҚОШАҚАНЫМ:
Жазда атамның аулына,
Барып едім қыдырып.
Бір қошақан алдымнан,
Шықты ойнап жүгіріп.
Қайырмасы:
Ақ маңдайлы ай ма екен,
Шекер ме екен, бал ма екен?
Кеттім оны сағынып,
Қошақаным қайда екен?
Демалыста өзіңді,
Ӏздеп тағы барамын.
Қошақаным бәрі бір,
Тауып сені аламын.
Қайырмасы:
Қозыларым жүр ме екен.
Ерке сұлу сол ме екен?
Мені қашан келер деп,
Сағынып ол жүр ме екен?
Қайырмасы.
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3