Сағындым сағым уақыт Табатын жаным бақыт Балалық ұяның Қарлығаш қиялың Еске алып тербелемін Жұлдызын көгімнің Бақытын өмірдің Аңсаумен мен келемін
Сағыныш-ай, сағыныш-ай Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің
Сағындым сағым жылдар Өттің-ау ағып, жылдар Баладай алаңсыз Баянды, баянсыз Тағдырға бағынумен Оралып келе алмай Достарды көре алмай Күн кештім сағынумен
Сағыныш-ай, сағыныш-ай Сен де бір арман Сен де бір жалған Сағыныш-ай, сағыныш-ай! Сенімен бірге Толқиды жаным менің