Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Бір қарауға шыдармын шыдағанға.
Жарқыныңды, жалынды сүймек тұрмақ,
Жақындауға қиын ғой тірі адамға.
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Қарттық та бір келеді тірі адамға.
Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған,
Жастығыңның жалауы құлағанда.
Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.
Жолатпайсың қасыңа оттай болып.
Көзқарасың түседі шоқтай қарып.
Бірте-бірте кетерсің бір еркектің,
Ошағына жанатын отқа айналып.
Сен жалынсың, жалында күнә бар ма?
Қарттық та бір келеді тірі адамға.
Жаутаң-жаутаң қарарсың сен де маған,
Жастығыңның жалауы құлағанда.
Домалайды-ай дүние доптай болып.
Еш бір теңің, сен жүрсің, жоқтай болып.
Түңілдірмей көрінші көзіме ылғи,
Түнгі тауда көрінген оттай болып.
Нурдаулет Мадимаров еще тексты
Другие названия этого текста
- Зангар Ерланулы - Сен жалынсын [www.kazmusic.kz] (3)
- Заңғар Ерланұлы - Сен Жалынсың (1)
- ... ★ ☆АО☆ ★ ... - Сен жалынсың) (0)
- Нурдаулет Мадимаров - Сен жалынсын (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1