Тауысылғандай төзімім сағыныштан,
Сезімім жоқ бұрынғыдай алып-ұшқан.
Үмітімнің шырағы сөнгеніме?
Мен бұл күнде пендемін сағым құшқан.
Қайырмасы:
Айлы түннен жанарыңды іздеймін,
Келерме деп үмітімді үзбеймін.
Жапырағы үміттің үзілетін-
Мұңға толы қоңыр салқын күздеймін.
Өмірімнің мәніде жоқ өзіңсіз,
Күндер өтер қайғы толы көңілсіз.
Кең дүниеге сенсіз сыймас жүрегім-
Айтшы қалай күн кешеді сезімсіз?
Сергелдең боп сағындығой жүрегім,
Сол жүректің сен едіңғой тірегі.
Күнім болып нұрың төгіп аяулым.
Сағынтырмай қайта оралшы тілегім.
Нурдуллаев Нурсултан еще тексты
Видео
-
N14 & Bayko - Сагындым сени. (премьера клипa 2014)
N14 & Bayko - Сагындым сени. (премьера клипa 2014). Bayko Kalyev ... right now. Please try again later ...
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1