ә., с. А. Рабжандікі
орынд. Нұржан Қалжан
Сағым болып кеттің, еркем,
Сағынумен күн өтті.
Сарқылғандай бар сезімім,
Сорлы жүрек дір етті.
Бұлбұл құсым, жырақтама,
Жанымды отқа бөлеші.
Сүйем сені, бір-ақ қана,
Ұмыт мені демеші, демеші.
Жанарға жас ұялады,
Жыламауға көнбейді.
Сезім сырын жиі алады.
Кетсең де алыс сен мейлі.
Өтті күндер, зымырады,
Білем қайта келмейді.
Демім іштей сығылады,
Кеудемді мұң кернейді.
Бұлбұл құсым, жырақтама,
Жанымды отқа бөлеші.
Сүйем сені, бір-ақ қана,
Ұмыт мені демеші, демеші.
Нуржан Калжанов еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2