Күндерден озып, күн алмасқан Жылдарға келіп, жыл жалғасқан Өмір сырын жүрміз әлі ұға алмастан Қанша жыл мені еркелетті?! Қанша жыл мені өкпелетті?! Арман қуып қанша уақыт текке кетті?! Сұрақсың-ау бізге сынақсың-ау, өмір-ай!
Өмір-ай сағымдай, өткінші бір жалындай Сендегі сұрақтың жауабы жүр табылмай Өмір-ай сағымдай, сен қамшының сабындай Зуылдап өтерсің еркімізге бағынбай, өмір-ай
Ғашық боламыз, жек көрерміз Кешіріп кейде кектенеміз Жазылған тағдырдың бәрін өткереміз Шын жұмбақсың бізге тым қымбатсың, өмір-ай!
Өмір-ай сағымдай, өткінші бір жалындай Сендегі сұрақтың жауабы жүр табылмай Өмір-ай сағымдай, сен қамшының сабындай Зуылдап өтерсің еркімізге бағынбай, өмір-ай