1. Ойжайлау, шөбің шүйгін, суың дәрі Болады халқыменен ақын сәні, Ойжайлау-ай! Берейін әнге шырқап ортаңызда Жиналған елім-жұртым, жас пен кәрі, Ойжайлау-ай!
Қ-сы: Ақ шәйнек, сары самаурын тұрса қайнап Отырса қыз-бозбала күліп-ойнап Киінген қызғалдақтай қыз-келіншек Сапырса сары қымыз құлап-ойнап Қуарған қара ағаштай қақиғанша Жас шақты өткізелік гүлдеп, жайнап, Ойжайлау-ай!
2. Ойжайлау ата қоныс көп Дулатқа Ат пен тон жарасады азаматқа, Ойжайлау-ай! Айтысып қыз-бозбала, қырын басып Серуендеп тамаша еткен жастық шақты, Ойжайлау-ай!
Қ-сы: Ақ шәйнек, сары самаурын тұрс қайнап Отырса қыз-бозбала күліп-ойнап Киінген қызғалдақтай қыз-келіншек Сапырса сары қымыз құлап-ойнап Қуарған қара ағаштай қақиғанша Жас шақты өткізелік гүлдеп, жайнап, Ойжайлау-ай!
Ақ бүрлен, қызыл бүрлен, бүрлен, бүрлен, Бүрленді аралайды жолын білген Қамшыны екі бүктеп қолға ұстап Қызығы бұл дүниеде ойнап-күлген, Ойжайлау-ай!