Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нурлан Онербаев - Ана туралы жыр | Текст песни

Ана туралы жыр

Сөзін жазған: Ғ. Қайырбеков
Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр күнін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың,
Қанаты самғаған,
Балалық құштарым,
Өзіңе арналған.

Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ме ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Нурлан Онербаев: Ана туралы жыр Нурлан Онербаев: Ана туралы жыр
    Нурлан Онербаев: Ана туралы жыр .... Ана деген бiзге ен жакын адам О адамдамдар ананызды ... Nurlan aga-Kazaktyn Maktanyshy!
  • Нурлан Онербаев: Әке арманы Нурлан Онербаев: Әке арманы
    Нурлан Онербаев: Әке арманы ... Нурлан ага керемет дауыс ... Нурлан ага рахмет сизге ,сизди катты сагындык ,неге сахнадан ...
  • Нурлан Онербаев - Анашым (cover) Нурлан Онербаев - Анашым (cover)
    Нурлан Онербаев - Анашым (cover) ... Жүрегім жыр толғайды .... Нұрлан Өнербаев - Қарағымай, Nurlan Onerbayev - Qaragymai ...
  • Нурлан Онербаев - Анага Арналган Жыр Нурлан Онербаев - Анага Арналган Жыр
    Национальная песня. Казахстан. Нурлан Онербаев.
  • Ана туралы жыр. Песня Ш.Калдаякова Ана туралы жыр. Песня Ш.Калдаякова
    Исполняет Чабан София на фестивале, посвященном юбилею Шамши Калдаякова в детской музыкальной школе №1 г. Караганды ...