Мейлі дінім ұғыспасын ғаламмен,
Тек сені аңсап сарғаямын санаммен.
Мейлі денем отқа күйсін ,өртенсін,
Сені сүйген жүрекпенен қалам мен.
Өтінемін сенен жаным құлама,
Құламасын біз кездескен мұнара.
Ең соңғы ауыр қоштасудың сәтінде,
Жыламаймын ,айнам сенде жылама.
Жаным ,жаным ,жыламаймын айнам сенде жылама.
Әнім қайда ,сәнім қайда ,самғаған?!
Қалықтаудан ,шарықтаудан талмаған?!
Ал мен едім бәлкім мәңгі көрмеспін,
Күліп тұрып қолын бұлғап қалмаған.
Жаным ,жаным ,күліп тұрып қолын бұлған қалмаған!
Ең соңғы ауыр қоштасудың сәтінде,
Жыламаймын ,айнам сенде жылама.
Мейлі денем отқа күйсін ,өртенсін,
Сені сүйген жүрекпенен қалам мен!
Нурман Арыстан еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1