Жер бетінде тау-орман Бір-бірінен нәр алған. Мына дүние о бастан Әділдіктен жаралған Бірде шаттық, бірде мұң Не боларын білмедім. Көшкен бұлттай асығып, Өтіп барады күндерім.
Қайырмасы: Оу, оу, неткен өмір! Жабырқау неге көңіл? Оу, оу, неткен өмір, Білмеймін алда не тұр? Шаршатты жалықтырды Көз салсаң бұл өмірге бір.
Қала, қала, шу қала Әсем қала, гүл қала Қалмады ғой бұл күнде Ешбір қызық өзіңде Жалған ізет, жалған сөз Бірін-бірі алдайды Жалған үміт, жалған күз Бар нәсіпке тоймайды.