Бір жүріп, бір күліп, бірге өскен. Достарды сағынамын. Қиындық түссе егер басыңа, Әрқашан қасыңдамын.
Досым-ау, досым-ау, досым-ау, Бір жүрген қандай жақсы. Сендерді көргенде еске аламын, Балалық бал жылдарды. Досым-ау, досым-ау, досым-ау, Бір жүрген қандай жақсы. Тебірентіп, толғантып, қуантпай ма, Сол бір сәт жанарыңды.
Дос деген өмірдің тірегі, Бірліктің оң жүрегі. Бір-бірін ұмытпай әрқашан. Сағыныш осы лебі.
Досым-ау, досым-ау, досым-ау, Бір жүрген қандай жақсы. Сендерді көргенде еске аламын, Балалық бал жылдарды. Досым-ау, досым-ау, досым-ау, Бір жүрген қандай жақсы. Тебірентіп, толғантып, қуантпай ма, Сол бір сәт жанарыңды.
Кездестім достармен мен бүгін, Өткенді еске алып, Көңіліміз шаттыққа оранып, Мәз болдық біз қуанып.