Ғашық едім... сөзі Максат Гакаев, әні Нурсултан Кабдусов
Ғашық едім...
Ғащық едім. Амал не? Өзіңе тең көрмедің Аямай, жер түбіне Сезім болды көмгенің
Айтшы маған, жауап бер Қай мінімді байқадың? Сүйесің бе дегенде Басты неге шайқадың?
Қайырмасы: Ең алғашқы махаббат Әр адамда бар екен Сұм тағдырдың талғамы Расында да тар екен Қосылмаған ғашықтың Жан жарасы зор екен Жан-тәнімен беріліп Шын сүйгені сол екен
Жүрегімде қаларсың Арылмайтын дерт болып Өмір бойы жан күйер Лапылдаған өрт болып
Сенсіз өмір мен үшін Күнсіз қалған тамұқтай Армандаймын, шөлдеймін Сен түсірген жарыққа-ай
Қайырмасы: Ең алғашқы махаббат Әр адамда бар екен Сұм тағдырдың талғамы Расында да тар екен Қосылмаған ғашықтың Жан жарасы зор екен Жан-тәнімен беріліп Шын сүйгені сол екен
Қош бол, жаным, мәңгілік Саған бақыт тілеймін Басып алды ашылмай Жанарымды түндей мұң