Өзіңмен қалсам кезігіп Ғажайып бір күй туатын Екеуміз ғана сезініп Екеуміз ғана ұғатын Екеуміз ғана ұғатын
Қайырмасы: Айтуым керек болса да Сөз табу қиын мұндайда Айым-ау мені қинамай Айтқызбай білсең болмай ма Алаулап нұрың жүзіңнен Ботадай көзің мөлдіреп Жарқ ете қалған кезіңде Кетеді жаным 2 елжіреп
Наздана күлсең сыңғырлай Жадырар жаным, жанарым Жаңбырдан соңғы қырлардай Дүние кетер жаңарып Дүние кетер тазарып
Қайырмасы.
Өзіңе қалсам тіл қатып Зымырар қаным тулатып Сондағы ойым, арманым Ғажайып күйін жырлатып Ләззәтқа кетсек бір батып