Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нурхат Джадикбаев - Гашык кызга | Текст песни

Күндер өтіп барады, жалпы, ойланасың ба,
Мен саған ғашық адаммын, мені ойға аласың ба?
Мен есіме аламын әр сәттің әр сағатын,
Ал сен ше, қырсық қыз, өмірге тамсанатын?
Қызғанамын бәріне, сол үшін дөрекімін,
Кешірші, қызғанышта көрсетсем дөрекілік.
Ойланбай сөйлей салатын кездерім де аз болмады,
Сен мені түсіне алмадың, ол мені мәз қылмады.
Білем, қайтару қиын, мүмкін қолдан келмейді,
Сонда да, білесің бе, бәрі біткенге сенбейм.
Болатын жасырын екеумізде көп арман,
Бәлкім, менің кесірімнен олар орындалмаған.
Қолыңды қолымнан бөліп кете бардың, ол қалай,
Оралмадың, айлар өтті, әлі өте ме талай?
Мен сені кінәламайм, өзіме таға берем,
Өзіме баға берем, мен қандаймын?
Мүмкін жаман шығармын, ал жақсылар қандай,
Көрсетші, сен қаласаң, мен солардай болайын.
Қызғанышымның себебі түсінбегендіктен емес,
Жоғалтып алатындаймын, сенбегендіктен емес.
Көздерің тартып әкетеді, қашан қарасаң да,
Суымайтын ыстық бар, мүлде бағаламасаң да.
Сенің жазған СМС-ің түнде ұйқысыз қалады,
Сен жайлы сан ойлар ертең жынды қылады.
1 ақпан туған күніңмен, жаным,
Қасыңда болғым келеді, түнекке сезімді жағып.
Әлем өзгерсін, әлемің нұрлансын,
Мейлі жыл, ғасыр өтсін, сезімімнің сырласы – өзіңсің!

Сезімімнің сырласы – өзіңсің!
Әлем өзгерсін, әлемің нұрлансын,
Туған күніңмен, жаным.
Бақыт.

Нурхат Джадикбаев еще тексты


Другие названия этого текста
  • QARAKESEK - ҚЫЗҒА. (1)
  • QARAKESEK - (0)
  • Нурхат Джадикбаев - Гашык кызга (0)
Видео
Нет видео
-
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2