Жанымда бол
Қр: Мен сені сүйем, дұрысы осылай,
Кетпесек болды, екеуміз қосылмай.
Жаным боп қалшы, жанымда бол,
Сен мені сүйсең, жетеді сол!
1.Сен Қыз-Жібек, мен Төлеген,
Мәңгі бірге болайын мен сенімен.
Бақыттымын әрине, сен менде барсың,
Мыңда бір рақмет, сен қасымдасың.
2.Сеннен асып түскен, көрмедім ғажайыпты,
Өзіңді сүйіп, жүрегім масайыпты.
Алыстама жарайма, кетпеші қасымнан,
Сезімім менің, тым үлкен жасымнан.
3.Алтыным менің, Баянсың мен үшін,
Сол үшін Қозы көрпеш боламын сен үшін.
Сен Мамыр, мен Қалқаманмын,
Мен өзің үшін, әдейі жаралғанмын.
4.Сен Шырынсың, мен Фархатпын,
Есімің құпия, мен Нұрхатпын.
Сен маған, мен саған,
Міне осылай боп, сезімім жаралған.
Қр: Мен сені сүйем, дұрысы осылай,
Кетпесек болды, екеуміз қосылмай.
Жаным боп қалшы, жанымда бол,
Сен мені сүйсең, жетеді сол!
1.Жанымда болшы, жетеді сол маған
Сеннен өзге жанға, сезімім болмаған
Сен маған, сенгеніңді қалаймын
Сен болсаң қасымда, аязда да тоңбаймын.
2.Естіп қуңасың, жаным дегенімді,
Қуаншы, мұңайма, тыңдап өлеңімді.
Бір қөргеннен-ақ, жаулап жүрегімді,
Сен менімен болдың, орындап тілегімді.
3.Маған қатты ұнайды, жанымда болғаның,
Алтыным әр қашан, жаныңда боламын.
Қолыңды ұстағанда, сезінемін махаббатты,
Құшағыма енгенде, сүйе берем сені қатты.
4.Жанымда бол, ханшайымым менің,
Жылулығы керек емес, маған өзгелердің.
Тек сен керексің, сүйемін себебі,
Жанымда болсаң, осы керегі.
Қр: Мен сені сүйем, дұрысы осылай,
Кетпесек болды, екеуміз қосылмай.
Жаным боп қалшы, жанымда бол,
Сен мені сүйсең, жетеді сол!
Нурхат Сабыр еще тексты
Другие названия этого текста
- N-Mc - Жанымда бол [NEWversion] (0)
- Нурхат Сабыр - Жанымда бол (2015) [жаңа нұсқа] (0)
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1