Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

НЫСАНБАЕВА ФАРИДА - СӘБИ БАҚЫТЫ | Текст песни

Бақыттың білмей бағасын,
Адасты ма екен анасы?
Ақ неке жанға қараусыз,
Қалдырмаушы еді-ау баласын.
Жетімнің көзі жасты екен,
Удан да дәмі ашшы екен.
Әкенің мұз ба жүрегі?!
Ананың бауыры тас па екен?! Аңсатқан жанды ақ арман,
Жас болып аққан жанардан.
Сәбидің бәрі бақытты,
Болуы үшін жаралған. Жалғанда жалған, жалғанда,
Анадан жақын жан бар ма?!
Арманда ма екен анасы,
Жанында жүрген жандарға.
Аңсатқан жанға жетем деп,
Жетімдер үйін мекендеп.
Қарайлап жүр-ау анашым,
Қайтып бір келер ме екен деп. Аңсатқан жанды ақ арман,
Жас болып аққан жанардан.
Сәбидің бәрі бақытты,
Болуы үшін жаралған. (3х) Сәбидің бәрі бақытты,
Болуы үшін жаралған.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-