ВОТ ТАК, ШАЛАБЕК
Өлеңді айтайын деп еттім талап,
Жөнсіз-ау не қылайын бойды балап.
Балалар өлең айт деп талап етсе,
Жарамас құр тұрғаным бекер қарап, ах-ай.
Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.
Өлеңді айт дегенде болдырар ма,
Тойда ақын өлең айтып жаңылар ма?
Балалар айт деген соң, айта салдым,
Тамаша күнде осындай табылар ма, ах-ай!
Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.
Бұл әнді айтушы едім он жасымнан,
Пенденің көңілі жеңіл қорғасыннан.
Барында тіршіліктің ойнап күліп,
Айырлмау қатар жүрген жолдасыңнан.
Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.
Вот так, Шалабек,
Молодец дедім-ай, добын-ай,
Вот так и, русеке, оның көзің-ай.
Қоңыр тобы еще тексты
Оценка текста
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2